«Қыз Жібек аруы-2023» байқауы қайырымдылық іс-шарасы өтті. Бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Тараз қаласы «Әл-Фирдаус» мешітінің имамы Алмас Кенжемолдаев демеушілік мақсатында атсалысып, жасөспірімдерге «Ізгі қоғам – ізгіліктен басталады» тақырыбында насихат айтты.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі