Миғраж пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ең үлкен мұғжизаларының бірі. Мұғжиза – Алланың құдіретімен жүзеге асатын, адамдардан тек пайғамбарларға ғана тән, таңғажайып құбылыс.
Жүрегінде иман нұры орныққан әрбір адам Алланың мұғжизаларына шүбәсіз сенеді. Алла тағала жеті пайғамбарға миғражды сыйлаған. Олар: Адам, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Жүніс, Иса (ғ.с.) және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлар. Әрқайсысының миғражы әртүрлі болған. Соның ішінде соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) миғражы ерекше өткен. Осы ұлы күнді насихаттау мақсатында «Усманжон баба» мешітінде жамағатпен бас қосу болды.
Имам көпшілікке уағыз айтып, жамағат дастархан басында бас қосты.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі