#Сарысу: ЖАНТ кездесулері жалғасуда

#Сарысу: ЖАНТ кездесулері жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақпанның 15 – жұлдызында жергілікті ақпарат тобы аудан орталығы Жаңатас қаласындағы Абылайхан атындағы мектеп – лицейге атбасын бұрып, осы мектеп – лицейдің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу өте ширақ өтіп, қатысушылардың белсенділік танытуымен ерекшеленді.

Насихат тобының мүшелері «Сарысу аудандық» мешітінің бас имамы Қонақбаев Ғалымжан, аудандық теолог Мырзағараев Мақсат және жастар бөлімінен Балғабай Бауыржан кезегімен сөз алып жас жеткіншектерге жақсы мінез-құлық, кішіпейілділік, ғылым білімге құштарлық жайында насихаттарын айтты. Оқушылар да өз кезегінде ел болашағы үшін білім алудың қаншалықты маңызды екенін түсінетіндіктерін жеткізді.

Дәл осы күні Мұхтар Әуезов мектеп - гимназиясына да ат басын бұрған насихаттық топ жоғары сынып оқушыларымен сұхбат құрды. Кездесуде сөз алған ауданның Бас имамы, аудандық билер алқасының мүшесі Ғалымжан Қонақбаев жастарға қазіргі уақыттың өте кең, жақсы уақыт екенін, сенім еркіндігі берілген қоғамда өмір сүріп жатқанымызды, бір уақыттарда мұндай еркіндікті ата-бабаларымыздың аңсап жете алмай кеткенін айтты. Олай болса бұл Алланың берген сыйлығын бағалай білу керек, көрінген көк аттыдан дін үйренемін деп арандап қалмау керек екенін жастарға жеңіл тілмен жеткізді насихатшы. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, жауаптар берілді

«САРЫСУ АУДАНДЫҚ» МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: