#Сарысу: Жас кезіңде ата-анаға қызмет ет

#Сарысу: Жас кезіңде ата-анаға қызмет ет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін 16-ақпан күні Абай атындағы мектептің жоғары сынып оқушыларымен және ұстаздарымен ЖАНТ мүшелері «Сарысу аудандық» мешіттің Бас имамы Ғалымжан Қонақбаев, аудан теологы Мақсат Мырзағараев, жастар өкілі Бауыржан Балғабай кездесіп қайтты. Кездесу өте қызықты өтті. Насихатшылар кезегімен сөз алып жастарды теріс ағымдардан сақ болуға, интернеттен алатын ақпараттарды тек қана Муфтият рұқсат еткен сайттардан алуға, көшеде немесе қоғамдық орындарда өздерін мұсылмандық әдепке сай ұстауға шақырды.

Ауданның Бас имамы өз сөзінде ата-анаға, ұстаздарға құрметпен қарап, қызмет жасап разылықтарын алу керек екенін айтты. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының айтқан:

«Жас кезіңде ата-ана қызметін қылып, бата алмағандарың – қартайғанда өзіңнен төмен иттердің құлдығында қаласың. Жаратқан Құдайдың ризалығын мақсат қылсаң, есіл – дертің Құдай ризалығы болса, Құдай үшін қылған амал, тағат - ғибадатыңның пайдасын көресің. Ұстаз ризалығын мақсат қылсаң, есіл – дертің ұстаз ризалығы болса, қанша үйреніп білген ғылымыңның пайдасын көресің. Ата-ана ризалығын мақсат қылсаң, есіл –дертің ата-ана ризалығы болса, жасаған жас, сүрген өмір, қылған кәсіп, тіршілігіңнің пайдасын көресің», - деген даналық сөздерінен тәрбие алуға шақырды. Кездесу соңында қонақтар қойылған сұрақтарға жауап берді.

«САРЫСУ АУДАНДЫҚ» МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: