Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылы «Таңат ата» мешітіне «Һибатулла Тарази» облыстық орталық мешіттің наиб имамы және РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы ұстаз қонаққа келіп, мешіт жамағатына уағыз айтты. Нұралы ұстаздың уағызы шам намазы мен құптан намазының арасында «Қияметтің белгілері» тақырыбында өрбіді.
Нұралы ұстаз насихатында Қияметтің кіші белгілеріне тоқталды:
1. «Қияметтің белгілерінің бірі дін ілімі азаяды, сауатсыздық көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп еркектер азаяды. Тіпті елу әйелдің бір ғана қараушысы болады».
2. Әйелдердің саны ер кісілердің санына қарағанда әлде қайда көп болады.
3. Расулуллаһ (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларымен сөйлесіп жатқанда бір түздік араб келіп қияметтің қашан болатындығын сұрағанда, оған: «Аманат аяқ асты етілген кезде қияметті күте бер», – дейді. Сонда түздік араб кісі: «Мұны қалай түсінсек болады», – дегенде, Пайғамбарымыз: «Қызмет өз маманына берілмеген кезде қияметті күте бер», – деп жауап береді.
4. Көп қабатты үйлердің салынуы, өз ісінің маманы емес кісілердің сөз сөйлеуі мен билік етуі.
5. Адам өлтіру оқиғасының көбеюі.
6. Жалаң аяқ, жалаңаш және кедей шопандардың да үй салуда бір-бірімен жарысқандарын көресіңдер.
7. Мал-дүние судай болып ақпайынша, фитнәлар және жөнсіз жерде адам өлтіру көбеймейінше, қиямет болмайды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі