Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Түркия және Сирия елінде болған жер сілкінісінен зардап шеккен мұсылман бауырлар үшін арнайы дұға жасады. Қасиетті дұғаға ауыл имамдары және мешіт жамағаты қатысып, қол көтеріп тілектес болды.
Алла тағаланың Қасиетті Құрандағы: «Иман келтіргендер бір-біріне бауыр», деген аятына амал қылып, тек қана сырттай дұғамен шектелместен, аудан тұрғындарынан гуманитарлық көмек жиналып, 1 фура, 2 газель қажетті заттардан тұратын қайырымдылық көмек жөнелтілді.
Сириялық мұсылман бауырларымызға қолдау ретінде садақа жиналу үстінде. Барша садақа беріп үлес қосқан жандардың садақасын қабыл етіп, мол сауаптан жазсын.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі