Шағбаннан шарапат: Облыстық мешітте 200 адамға қайырымдылық жасалды

Шағбаннан шарапат: Облыстық мешітте 200 адамға қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құран Кәрім аяттарына көз жүгіртетін болсақ, жомарттық пен қайырымдылық жасаудың маңыздылығы – парыз етілген намаз сөзімен қатар жүретінін байқаймыз. Хақ Тағала Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 3-аятында: «Олар ғайыпқа иман келтіріп, намазды толық орындап, өздеріне берген рызығымыздан жұмсайды» деген. 

Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес.

Бүгін Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде "Шағбаннан шарапат" атты қайырымдылық шарасы өтті. Ақымды науқан аясында 200 адамға көмек көрсетілді. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен мешіт қызметкерлері тұрғындарға көлемді мөлшерде шиіт май, ұн, макарон, күріш, қарақұмық, рошки, кеспе, томат сынды азықтарды табыстады.

Бас имам халыққа сабырлық, шүкірлішік турасында насихат айтып, іс-шараға демеушілік еткен жомарт жандарға алғысын білдірді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: