Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы Қызылқыстақ ауылы «Ал-Карім» мешітіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зиярат барысында ауыл имамымен жүздесіп, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Ауыл имамына нақты тапсырмалар беріп, мешітке қайырылған тұрғындарға көркем мінезділікпен қарым-қатынас жасалуын бұйырды.
Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға бейбітшілік берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі