#Шу имамдары жылдық жоспарды пысықтады

#Шу имамдары жылдық жоспарды пысықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы "Жәми" мешітінде өңірге қарасты мешіттердің имам-молдалары бас қосты. Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев бастаған дін мамандары 2023 жыл - "Ислам және ізгі қоғам" жылына бағытталған жылдық жоспармен танысты. 

Облыстық үлкен отырыста қаралған мәселелер тілге тиек болып,  жүктелген тапсырмалар түсіндірілді.

Шараға Шу ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Эльмира Асқарқызы қатысты. Маман жоспар бойынша алдағы уақытта бірге жұмыстар атқарып, ұйымдасқан шаралар өткізу керектігін айтты.

Биыл жұмысты одан ары жүйелеу, жандандыру мақсатында бес бағытқа басымдық беріледі. Олар – дін мен дәстүр; ізгі қоғам; ихсан және насихат; діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: