Талас аудандық "Қаратау Кажыби" мешітінің наиб имамы Азамат Әміртаев аудандық "Аманат" партиясында Құқық қорғау органдары, Ішкі істер қызметкерлері және медицина мамандарымен кездесу ұйымдастырды.
Жиында қазіргі қоғамымыздың маңызды мәселелеріне айналған тақырыптар сөз болды. Атап айтқанда, суицидтің алдын алу және жат ағымдармен күресу, жастардың есірткіге тәуелділігін болдырмау және оның алдын алу қозғалды.
Имам алдағы уақытта жастар арасында да осындай насихат жұмыстары аталған ұйым өкілдерімен бірлесе жүргізілуі тиіс екенін, діни тұрғыда да түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек екенін атап өтті.
Талас аудандық "Қаратау Кажыби" мешітінің баспасөз қызметі