Аудандық "Қордай" мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен "Қасиетті айларға сапар кеші" атты рухани кеш өтті.
Айтулы кешті Самия Ахметәліқызы қасиетті Құран аяттарын оқумен ашып, ұстаздың қасиеті айлар жайлы көркем насихатымен жалғасты. Эльмира ұстаз уағызында "Ражаб, Шағбан, Рамазан айларын қалай өткізу керек?" тақырыбында сөз қозғады.
Ораза, салауат, шүкіршілік жайлы қойылымдар мен монологтар жиынның сәнін келтіріп, көпшіліктің көңілін босатты. Жамағатқа сұрақ-жауап уақытына кезек беріліп, түрлі қызықты ойындар ойнатылды.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі