Аудандық Қордай мешітінің наиб имамы Нұрбол Солтанбек аудандық спорт комплексте спортшылармен жүздесу өткізді.
Экстремизм мен терроризмге қарсы насихат айтып, спортшыларға діни жат ағымның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жат ағым бағытын ұстанып жүрген азаматтардың сеніміндегі қателіктер турасында аят хадистермен мысалдар келтіре отырып дәлелдер келтірілді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі