#Қордай: Бас имам Сортөбе жамағатына насихат айтты

#Қордай: Бас имам Сортөбе жамағатына насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кез келген қоғамның, кез келген мемлекеттің бақытты ғұмыр кешуі үшін алдымен ауызбіршілік керектігі айдан анық. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген бабаларымыз да елдің бақыты, ең алдымен, бірлікке байлаулы екенін терең түсінген. Содан да болар соңындағы ұрпаққа «Ырыс алды – ынтымақ», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Бөлінгенді бөрі жейді», «Бірлігі жоқ ел тозар» деген сынды өшпес нақылдар қалдырған.

Халықтың бірлігін арттыру мақсатында аталған "Ауызбіршілік, ынтымақ" тақырыбында Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Сортөбе ауылының жамағатына уағыз айтты.

"Дін ислам" мешітінде өткін уағызда бас имам: "Қандай қоғам болмасын ынтымақ-бірліктің арқасында ғана өркендеп, адамдар бір-біріне бауырдай қараған кезде ғана мамыражай заман орнамақ. Сол себепті ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылман мұсылман үшін бір-бірін бекем ұстап тұрған ғимарат тәрізді», – десе, келесі бір хадисінде: «Мүміндер бір-біріне сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене іспетті. (Адамның) бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің мұңына ортақтасады», – дейді. Хәкім Абайдың да «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең – істің бәрі бос» деп асқан жанашырлықпен халқына үн қатуы да халқын ауызбіршілікке шақыруы болатын" - деп үгіт айтып, көпшіліктің татулыққа деген ықыласын арттырды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: