Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен.
Қордай аудандық мешіті мен "Қордай Ислам нұры" қайырымдылық қоры бірігіп, қарттардың көңілін сұрап, Қарттар үйін зиярат етті.
Қариялардың хал-ахуалын біліп, барлығының пастелін жаңалап берді. Қарттар үйінің басшылығына жаңа пастелдерді табыстап, көмегін табыстады. Ата-апаларымыз мешіт қызметкерлеріне, қор басшысына алғыс білдіріп, бата берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі