Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты барлық мешітте, бауырлас Түркия еліндегі апатқа байланысты Құран оқылып, дұға жасалды.
Орталық «Меркі ата» мешітінде түнгі намаздан кейін Түркия еліндегі апаттан қаза тапқандарды еске алып, апаттан зардап шеккендерге шипа дұға жасалды.
Айта кетейік, Түркия мен оған көршілес бірқатар мемлекетте 7,8 балдық жер сілкінісі болып, Түркия мен Сирияда 3000-нан астам адам көз жұмды, 13 мыңнан астам адам зардап шекті. Жүздеген үй мен ғимарат қирады. Үйінді астында қалған, жарақат алған, қайтыс болғандар саны сағат санап артып жатыр. Ал қираған ғимараттар астында қанша адам қалғаны әлі белгісіз.
Апаттан қаза тапқандардың отбастарына және Түркия еліне көңіл айтамыз!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі