Шу аудандық "Жәми" мешіті, Әйел-қыздар секторының өңірдегі ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы Мойынқұм ауданына арнайы барып, нәзік жанды жамағатпен жүздесіп қайтты.
Білікті ұстаз "Баланың дұрыс дамуы" тақырыбында жасалған семинарда баяндама жасады. Сонымен қатар жамағатқа "Ілім алудың артықшылығы" жайында көркем уағыз-насихат жүргізді.
"Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену. Ілім дүние мүліктен қымбат. Ілім сені қорғайды, малдың қорғаушысы сенсің. Онымен амал еткеніңде ілім арта түседі, ал дүние – мүлік жұмсаған сайын азаяды" - дей отырып, ұстаз көпшіліктің ілімдеге деген ықыласын арттырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі