#Сарысу: Ақиданың маңыздылығы уағыздалды

#Сарысу: Ақиданың маңыздылығы уағыздалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласына мешіт жамағатының сұранысымен облыс орталығындағы "Һибатулла Тарази" медресе- колледжінің ұстазы Нұрсұлтан  Зұлпыхаров арнайы сапарлатып келді. Алыстан ат арылтып келген құрметті қонақты әуелі ауданның Бас имамы Ғалымжан Қонақбаев қабылдап, ұстазбен сұхбат құрды. Пәтуа және сұрақ-жауап бағыты саласында болып жатқан жаңалықтардан хабар алып, кейбір мазалап жүрген мәселелерге қатысты пікір алысты. Уағызшы өз кезегінде әуелі пәтуаға жауапты мамандарға семинар өткізетінін, соңынан кешкі намаздан соң жамағатпен жүздесетінін айтты. Бас имам ұстаздың сапарының сәтті болуына тілек айтып, ісіне береке тіледі.

Жоспар бойынша Нұрсұлтан ұстаз пәтуаға жауапты мамандарға семинар сабақ өткізіп, кешке Сарысу аудандық мешітінің жамағатымен насихат кездесуін өткізді. «Ақиданың маңыздылығы» деген тақырыпта өткен уағыз – насихат өте қызықты әрі жемісті болды. Ай сайын бір уағызшы, қонақ келіп кездесу өткізгеніне үйреніп қалған жамағат та көкейлеріндегі күмәндерін сейілтіп, сананы мазалаған сұрақтарына тұщымды жауап алды. Алла қаласа Нұрсұлтан ұстазымыздың да өңірге сапары әлі де жалғасады деген үміттеміз.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: