Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мешіт дәрісханасында дастархан жайылып, дүниежүзлік хиджаб күні аталып өтті.
Жиында бас имам Азамат Берікұлы сөз сөйлеп, Алла Тағала мұсылман қызының абырой-беделін көтеру үшін орамалды парыз еткендігін атап өтті. Өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан ұстаздарымыз бен шәкірттердің істеріне Алла Тағаладан сауаптан жазуын сұрап, береке тіледі.
Іс-шара барысында, шәкірттер арасында өткен «Біліміңді тексер» атты байқауда орын алған шәкірттерге мадақтау қағазы мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Жиналған әйел-қыздар қауымы ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі