Уағыз – насихат – ақыл айту емес. Алла тағаланы еске алу орын, уақыт, жағдай таңдамайды. Пайғамбарымыздың «Дін деген – ол насихат» дегенін ескерсек, мұндай насихаттың, уағыздың көпшілікке берер рухани байлығы мен иманының күшеюіне қосар үлесі зор.
Жүрегінде имамы, білімі бар адам, жат жолға түсуден, біреудің ақысын жеуден, парақорлықтан алыс болады.
Қоғамға діни тәрбие, теріс ағымнан иммунитет болатын ақпарат беру мақсатында Белбасар ауылдық дәрігерлік амбулаториялық пунктінде "Ислам және дін" тақырыбында дәріс өті.
Насихатты Белбасар ауылы "Хати Сауранбай" мешітінің имамы Бақыт Тилемисов жүргізді. Көпшілік көкейкесті сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі