#Тараз шаһарының бас имамы ұстаздарды "Орамал" күнімен құттықтады

#Тараз шаһарының бас имамы ұстаздарды "Орамал" күнімен құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін 1 ақпан – Бүкіләлемдік Орамал күні. Орамал тарту – парыз. Әйел адамдардың орамал тартуы – ер кісілердің сақал өсіруінен де үлкен парыз. Орамал – мұсылман әйелдерге Жаратқанның сыйға тартқан ең қымбат сыйлығы. Оған қатысты қасиетті Құран Кәрімде бірнеше дәлел хадистер келтірілген. 

Бүгін атаулы күнге орай Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің бас имамы  Ержан Аманбаев әйел ұстаздарды бүгінгі халықаралық орамал күнімен құттықтап, сыйлығын табыстады.

Ардақты ұстаздармен алдағы жоспарларды талқылап, қызметтері үшін алғысын білдірді. 

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: