Облыстық мешітте "Намазыңды әсемде" семинары өтті

Облыстық мешітте "Намазыңды әсемде" семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде әйелдер жамағатына арналған "Намазыңды әсемде" атты рухани семинар жасалды. 

  Адамның ең биік ағзасы - ол жүзі. Жүзімізді сәждеге барғанда жерге қаратамыз, ең төмен жерге апарамыз. Себебі, оның барар жері - қара топырақ. Кішіпейілділікті сезінетін кез – ол Сәжде.  Адам  Сәждеде тұрған кезде өзінің әлсіз пенде екенін сезінеді. Адам кішіпейіл болған кезде Алланың назары түседі. Ал тәккаппар адамға назары түспейді. Құлшылық – біздің иманымыздың жемісі.

Ал құлшылығымды Алла алдында лайықты түрде орындап жүрміз бе? Міне, осы сұрақтарды қойып, қыз-келіншектер мен апаларымыздың көңілін толғытқан уағызды мешіт ұстазы, коуч Нұргүл Алиханқызы жүргізді. Шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева ашып берді.

Нұргүл ұстаз намазға деген ықыласты арттырудың нақты қадамдарын тізіп көрсетіп, намазды орындауда рухтың қандай жағдада болу керектігін тілге тиек етті. Ұстаз келтірген мысалдарға көпшілік тербіреніп көзге жас алды. 

Шара соңында жиналған жамағатқа дұға реттінде жаттап алу үшін жадынама қағаз таратылды. Онда "Сондай ықыласпен (берілген күйде) намаз оқыған мүминдер расында құтылады" деп "Мүминун" сүресінің 1-2 аяты жазылған.

Айта кетейік, жамағат алдында өткен семинар инстаграм әлеуметтік желісінде тілекей эфирден таратылды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітнің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: