#Сарысу: Жат ағымдардан сақ болыңыз!

#Сарысу: Жат ағымдардан сақ болыңыз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаңатас қаласында орналасқан «Жаңатас көпсалалы коледжінде» аудандық ЖАНТ-ның білімгер жастармен кездесуі болып өтті. Кездесуде «Сарысу аудандық» мешітінің бас имамы  Ғалымжан Қонақбаев жас білімгерлерге бүгінгі күні әлем қауымдастығын алаңдатып отырған, «жұқпалы дерт» -  теріс ағымдардың жетегінде кетудің қаншалықты қауіпті  екенін егжей-тегжейіне жеткізіп түсіндіріп берді.

Дінге қатысты, наным-сенімге қатысты қандай да бір сұрақтар туындаса оны мешіттен келіп ұстаздардан сұрап білу керек екенін, кез-келген адамдардан сұрап біле саламын немесе әлеуметтік желілерден өзім жауабын тауып ала саламын деген адамның арты өкінішке алып барар қателікке ұрынуы әбден мүмкін екенін ескертті. Ондай келеңсіздіктерге ұрынбаудың бір ғана жолы мешіттерден білім алып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата білу. Ол үшін білімді сенімді ұстаздардан алу керек. Ислам діні бейбітшілік пен бауырмалдыққа, мейірімділік пен қайырымдылыққа, білім мен ғылымға шақыратын дін екенін жастарға насихаттады. Кездесу соңында білімгерлердің сұрақтарына  жауаптар берілді.

Осы күні түстен кейінгі уақытта аудандық спорт мектебінде болып, осы мектептің ұжымымен және спортшы балалармен кездесу болып, оларға да жат ағымның зияны, одан сақтану жолдары жайында әңгіме қозғалды. Білімге құштар болуға, спортта биік жетістіктерге жетуге тілек білдірілді.    

«САРЫСУ АУДАНДЫҚ» МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: