Шу ауданы Жаңажол ауылы "Күнту баба" мешітінде кезекті уағыз дастарханы жайылып, "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы арнайы зиярат етіп келді.
Талғат имам құптанға жиналған жамағатқа "Жақсы сөз сөйлеу" тақырыбында әсерлі уағыз айтты. Тыңдаған көпшілік өз сұрақтарын қойып, дәйекті, дәлелді, мардымды жауаптарын алды.
Ас басында бірлікте бас қосып, имандасып, насихат тыңдап, ой түйген жамағат шара соңында имамға алғыс білдірді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі