Әйелдерге айт намазына қатысу міндетті ме немесе үйден оқуына бола ма?

Әйелдерге айт намазына қатысу міндетті ме немесе үйден оқуына бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сұрақ: Әйел адамдар Айт намаздарына қатысуға мiндеттi ме? Бұл уәжiп пе әлде адамның таңдауына байланысты ма? Сондай-ақ, төмендегі хадистер туралы не айтуға болады, бұлар сенімді хадистер ме?

Умм `Атыйя (радиаллаһу әнһә) жеткізеді: «Мен Алла Елшісінің ﷺ айт намаздары уақытында былай дегенін естідім: «Жас қыздар және шымылдық артында отырған (бойжеткендер), сондай-ақ етеккірі келген әйелдер үйлерінен шығып, игі істерде және мүміндердің Аллаға өз дұғаларын айтып жалбарынуларына қатыссын, алайда етеккірі келгендері намаз орнынан алшақтау тұрсын!»

Имам әш-Шәукани былай деп айтқан: «Пайғамбар айт намазын ешқашан қалдырмағанын және адамдарға, тіпті шымылдықтың артында отырған бойжеткен қыздарға, тіпті етеккірі келген әйелдерге намазға шығуды бұйырғанын біл! Әрі орамалы (жулбабы) болмаған әйелдерге оны құрбылары беруге тиіс деп айтатын еді.»

Жауап:

Аса Қамқор, Ерекше Мейiрiмдi Алланың атымен бастаймын.

Әссәләму ғәләйкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһу.

Бұл хадистер «Сахих Бухари» мен «Сахих Мүслимде» келеді және олар сенiмді. Сондай-ақ, бұл Сахабалардың (радиаллаһу әнһум) ғана тәжiрибесiнде болған нәрсе емес. Негiзiнде, Алла Елшiсiнiңﷺ заманында да әйелдер (етекiрi келгендердi санамағанда) мешiттегi бес уақыт намазға қатысушы едi.

Бұл — жалпыға ортақ болған тәжiрибе, әрi (халық) бұған мұқтаж едi, өйткенi сол дәуiр Исламның алғашқы кезеңi болғандықтан, әйелдерге намаз оқып үйрену керек болды. Сонымен қатар, фитна мәселесi қазiрге қарағанда әлдеқайда аз едi. Сондықтан, әйелдердi намазға үйрету мұқтаждығы қазiр де болып, Қиямет күніне дейiн жалғасса да, бүгiнгi күнi фитна мәселесi басқа кезеңдерге қарағанда аса қауiптi.

Айша анамыз (радиаллаһу әнһә) Пайғамабарымыздың ﷺ өлімінен кейiн көп ұзамай фитна көбеюі себебінен мұны (әйелдердiң мешiтке баруын) тоқтата бастады. Ал, Ол бiздiң дәуiрдi өз көзiмен көрсе, не айтарын елестете аламыз ба?

Ислам ғұламалары әрқашан фитна мәселесiн ескерiп отырады, сол себептi олардың көбi әйелдiң мешiтте не Айтқа арналған орында болсын намазға қатыспауын бұйырды.

Сiздiң сұрағыңыздағы хадистi келтiрген соң, имам Тирмизи (рахимахуллаһ) әйелдердiң Айт намаздарына қатысуын Абдулла ибн Мубарак пен Суфиян әс-Сәури (рахимахуллаһ) сынды имамдар мәкрүһ деп санағанын жеткiзедi. Соған қоса, имам Тирмизи Айша анамыздың (радиаллаһу әнһә) жоғарыда келтiрiлген бұйрығын да атап өттi. (Сунан Тирмизи, 2/430)

Және бұл Ханафи ғалымдарының да пiкiрi(Умдатул-Қари 3/305;  Иғлә әс-Сунан, 8/107)

Тiптi намазға қатысуға рұқсат беретiн ғалымдар, төмендегiдей қатаң шарттар қояды:

а) Әйел адам жұпыны киiнбеу керек.
ә)Денесiне әтiр, бояу т.с.с. жақпау керек.

Айт күнi адамдардың ешқайсысы нашар киiнбейдi деп айта алмаймыз. Басқа жағынан, адамдар бұл күнi ең көркемiн таңдап, әшекейленедi. Ал, айтылып кеткен шарттардың бұзылатынын анық бiле тұра, қалайша әйелдерге рұқсат бере аламыз?

Әйелдерге намазды мешiтте оқуды бұйырудың басқа бiр себебi -  мұсылмандардың көптiгiн көрiп басқалардың Исламға қызығуында.

(Айт намаздарына қатысу үшiн) жүрегiнiң қалауына, қызығушылығына iлескен жандар Алланың бұйрықтарын естен шығармай, Оның қаһарына ұшырап қалудан сақ болу қажет. Мустахаб амалды харам арқылы жасаудың еш мәнiсi жоқ.

Сөз соңында, әйелдердi бес уақыт намазды мешiтте орындаудан немесе Айт намазына қатысудан тыйған ғалымдар тiзiмi:

1)      Айша (радиаллаһу әнһ) (Сахих Бұхари)

2)      Абдулла ибн Масғуд (радиаллаһу әнһ) (Маджма’ул Зауаахид)

3)      Абдулла ибн Омар (радиаллаһу әнһумә) (Мусаннад ибн Аби Шәйба, 5845)

4)      Уруа бин Зубәйр (радиаллаһу әнһ) (Мусаннад ибн Аби Шәйба, 5846)

5)      Қасим бин Мумаммед бин Аби Бәкр Фәқиһ әл-Мәдинә (радиаллаһу әнһ) (Мусаннад ибн Аби Шәйба, 5847)

6)       Ибрахим Наха’и (рахимахуллаһ) (Мусаннад ибн Аби Шейба 5844, 5848)

7)      Абдулла бин Мубарак (рахимахуллаһ) (Сунан Тирмизи, 539-40)

8)      Имам Мәлiк (рахимахуллаһ) (Умдатул-Қари, 3/305)

9)      Имам Суфиян әс-Сәури (рахимахуллаһ) (Сунан Тирмизи)

10)  Имам Әбу Юсуф имам Әбу Ханифаның шәкiртi (Умдатул-Қари, 3/305)

Және Алла жақсырақ бiлушi.

Мәуләна Мухаммед ибн Мәуләнә Харун Абас Умар

Даруль-Ифта, Инәмииәһ медресесі

Дереккөз: askimam.org

 

Cұрақ: Әйел адамға Айт намазын үйде оқуына болады ма? Әлде мен таңертең намазға күйеуiммен баруым керек пе?

Жауап:

Әйел адамдарға Айт намаздарына қатысу парыз емес және бұл мустахаб  болып та саналмайды. Олар мешiттегi Айтқа қатыспаса, үйде де оқымайды. Айт намазы тек қана жамағатпен оқылатын намаз.

Фараз Раббани

 Дереккөз: spa.qibla.com

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: