#Жамбыл: Аудан имамы медресе шәкірттерімен кездесті

#Жамбыл: Аудан имамы медресе шәкірттерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Жамбыл облысы орталық «Һибатулла Тарази» мешіт-медресесінде діни білім алып жатқан шәкірттермен кездесті.

Келелі кездесуде бас имам шәкірттерге дінге қызмет етудің маңыздылығы мен білім жолында талмай еңбектену керектігін баса айтты. Сонымен бірге, аудан имамы жас түлек болайын деп отырған шәкірттерге дінге қызмет жасаудың  мәнін айта келе, аудандық мешітке жұмыс жасау туралы ұсынысын білдірді.

Ауданының бас имамы имамдық қызмет турасында сұрақ қойған шәкірттерге жауап берді. Кездесу соңында бас имам екі–үш шәкірттің оқу ақысын төлеп беруге уәде етті.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: