Көреалмаушылықтың зардабы

Көреалмаушылықтың зардабы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көреалмаушылық -  іштарлықтан туындайтын жүрек ауруларының бірі. Ішітар адам Алланың нығыметін өзге адамда болғандығын көре алмайтын адам. Нығымет, несібе Алланың қазынасындағы нәрсе. Оны қалаған пендесіне береді. Алланың несібесін өзге біреуде болуын  қызғану сараңдықтың, көреалмаушылықтың ең үлкені болып табылады.

Хасадшы адам  кісінің  білімін, мал-дүниесін, адамдардың  оған деген ілтипатын  т.б сол сияқты артықшылықтарын қызғанып, оның одан жойылуын тілеп тұратын кісі. Мейлі осы аталған нығыметтер өзінде болсада, болмасада көре алмаушылық ауруы осындай әрекетке итермелейді.

Бұл жамандықтын ең үлкені. Алла елшісі (с.ғ.с ) Көралмаушылық бүкіл жақсылығын (яғни сауабын) құдды от отынды жегені (жаққаны) секілді жоқ етеді деген. Өзгедегі жақсылықты көреалмайтын ішітар адам өз- өзін жегідей жеп, өлер өлгенше азап шегіп жүреді. Ақиреттік азабыда қаттырақ әрі үлкен болмақ. Бұған дәлел ретінде Пайғамбарымызға пайғамбарлық келместен бұрын Мекке халқынан араларыңдағы ең шыншыл кім, ең жомарт кім, ең әділі кім, аманатқа ең берік кім десе  Абдулланың ұлы  Мұхаммед  деп жауап беретін. Пайғамбарлық келгеннен кейін бұл сипаттарды бірден жоққа шығарды. Яғни сен өтірікшісін сен сиқыршысын сен ақынсың деп қарсы шықты бұның түпкі негізі көреалмаушылықта еді. Пайғамбарымыз ( с.ғ.с ) дүниеге келген кезде Әбу Лахаб өте қатты қуанған еді бауырымның артында ұрпақ жалғастыратын бір тұяқ болсада қалды деп. Себебі  Пайғамбарымыз дүниеге келместен бұрын әкесі қайтыс болған еді.

Ал Әбу Лахаб Пайғамбарымыздың әкесінің бір туған ағасы болатын. Пайғамбарымызға пайғамбарлық келгенге дейін қамқор болып қарайласқан еді.  Пайғамбарлық  келгеннен соң ең бірінші болып қарсы шығып зиян тигізген сол  Әбу Лахаб болатын. Бұның бәрі көреалмаушылықтан туындаған әрекеттер еді. Бұл имансыз немесе иманы әлсіз пенденің бойынан табылатын амалдардың бірі көреалмаушылық ауруы еді.

Ал мұсылмандарға келсек  мұсылманда қызығушылық болады, бірақ көреалмаушылық, қызғаныш деген аурулар  болмауы  қажет. Алла Тағала барша Мұсылмандарды және барша адамзатты осынау жүрек ауруы болған Хасадтан сақтасын!  

Керимов Айтжан

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы

Бесағаш ауылының имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: