Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев құптан намазына келген жамағатқа «нәпсімен күресу» турасында кеңінен уағыз айтты.
Аллаға иман келтірген адам баласы бұл мақсаттың үдесінен шығу үшін дүниесі мен ақырет нығметіне қол жеткізу үшін қам-қарекет ету екендігін жеткізген мешіт имамы, жаны мен тәнін Алла үшін құлдыққа арнау керектігін еске салды. Бірақ сол құлшылық жолда кежегемізді кері тартып, Алланы разы етер сауап амалдар жасауға келгенде шайттанның азғыруымен қарсылық танытатын нәпсіміз тағы бар екендігін айтты. Ал нәпсі – ол өзің. Демек, өзіңнің бойыңдағы теріс әрекеттермен, күнәға алып барар ойлармен, Алланың разылығынан қашық ететін істерден бойыңды таза ұстау деген сөз. Сонымен дәріс соңында ауыл имамы жамағаттың сауалдарына жауап беріп, нәпсімен күресуге шақырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі