Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінде бесін намазына келген жамағатқа ауыл имамы Қуаныш Жарылқасынұлы «бауырмалдық» турасында кеңінен уағыз айтты.
Шын мәнінде мұсылмандар Алланың мейірімімен бір-біріне шынайы бауыр болады. Алла үшін бауыр болғандардың арасында дүниелік мақсаттар мен жекке мүдделер көзделмейді. Өйткені Алланың разылығы көзделген істе ықылас пен шынайы амалдар жүзеге асады.
Бауырмалдық – иманның рухы. Мұсылманның мұсылман бауырына деген шынайы сүйспеншілігі, қамқорлығы, жанашырлығы бейнебір діңгек ағаштан тараған бұтақтарға ұқсайды. Себебі Алла үшін бір-бірін жақсы көргендер Жаратушы Жаббар Иеміздің бұйрықтарын бірге орындауға, адамдарды ақиқат жолына шақыруға, әділет, теңдік, адамгершілік сынды құндылықтарды қоғамда кеңінен таратуға, ренжіскен адамдарды татуластыруға, түйіндеп айтқанда жақсы істерде бір-біріне көмекші болады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі