#Жамбыл: «Көрегенділік» турасында уағыз айтылды

#Жамбыл: «Көрегенділік» турасында уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінің имамы Ержан Сапарбеков мешітке келген жамағатқа «көрегенділік» турасында уағыз айтты.

Көрегенділік – Алла жолына түскен жандарға берілетін Хақтың нұры. Алла Тағала осы нұр арқылы олардың сезім пердесін ашты. Бұл оларға нәпсімен күресу, Алланы еске алып, оңаша қалу және зікір арқылы беріледі.

Көреген адам жүрегі арқылы көзбен көре алмаған нәрселерді көреді. Өйткені, көреген, тақуа пенделер айналаға Алланың нұрымен қарайды. Ғұламалар көрегенділік жүрекке қатысты іс екенін айтқан. Егер жүрек нұрлы болса, көп жағдайда оның көрегенділігі қателеспейді. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мүміннің көрегендігінен сақ болыңдар, өйткені ол Алланың нұрымен қарайды» деген хадисі осының дәлелі.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: