Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің имамы Ғани Жанұзақұлы мешітке келген жастарға «Ихсан ілімі» турасында дәріс өткізді. Аталған дәрісте ауыл имамы жастарға ихсан ілімін жете түсіндірді.
Сананы тұрмыс билеген заманда Ихсан ілімін насихаттау – аса маңызды істің бірі. Расында күнделікті күйбең тіршілік, отбасындағы мәселелер адам баласының рухани жан-дүниесіне әсер етпей қоймайды. Пенде қуаныш мен қайғыда көптеген эмоциялық сәттерді бастан кешеді. Осы сәттерде оның иманы, Аллаға деген тәубесі мен тәуекелі мұсылманға, былайша айтқанда, жақсы адамға тән байсалды әрі парасатты ұстанымда болуға тікелей әсер етеді. Осы ретте Ихсан ілімі рухани кемелдену жолы екенін баса айта кеткен абзал. Ихсан іліміне ден қайған пенде рухани кемелденуге қадам басатыны хақ.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі