2023 жылдың 23 қаңтары мен 23 сәуірі аралығында Жидда қаласында (Сауд Арабиясы) өтетін Ислам өнерінің бірінші биенналесінде Өзбекстаннан 17 тарихи экспонат қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биеннале Дирия Биеннале қорымен Сауд Арабиясының Мәдениет министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – «өткенді, бүгінді және болашақты байланыстыру» және оның негізгі тақырыбы араб тілінен аударғанда «алғашқы үй» дегенді білдіретін «Әууәл-бәйт» болмақ. Әууәл бәйт – Құраннан шыққан термин, ол мұсылмандар үшін ең қасиетті орын – Меккедегі Қағбаны білдіру үшін қолданылады.
Биенналеде Өзбекстанның тарихи мұрасын Республика мәдениеті мен өнерін дамыту қоры таныстырады.
asyldin.kz