2022 жылы әл-Ақсаға Израильдің басып кіру саны бойынша антирекорд орнатылды

2022 жылы әл-Ақсаға Израильдің басып кіру саны бойынша антирекорд орнатылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бақылаушылар исламның үшінші қасиетті орны және бірінші құбыла саналатын әл-Ақса мешітіне израильдік күштердің жаппай басып кіруінің күшеюіне байланысты дабыл қағуда. Иерусалимдегі Исламдық вакф департаментінің мәліметі бойынша, өткен жылы 48 мыңнан астам израильдік қоныстанушылар мұсылмандар киелі орындарына жасалған рейдтерге қатысты, бұл жаңа антирекорд, деп хабарлайды Middle East Monitor.

Израиль қауіпсіздік күштерінің мешітті казарма ретінде пайдалана алғаны көрсетілген. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайды бұза отырып, радикалдар мешіт аумағында өздерінің талмудтық рәсімдерін көпшілік алдында орындайды, би билейді, ән айтып, Израиль туын көтереді.

Ведомство мұндай арандатушылықтардың жаңа қанды қақтығыстарға ұласып, аймақтағы жағдайды ушықтыру қаупі бар екенін ескертеді. Мәлімдемеде мұсылмандардың израильдіктердің мешітті ортақ пайдалануына рұқсат бермейтіні баса айтылған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: