Әйгілі Болливуд жұлдызы Исламды қабылдап, мұсылманға тұрмысқа шыққанын көпшілік алдында мойындады. Бұл үнділік медиа саласында бірінші жаңалық емес.
44 жастағы актриса, биші және тележүргізуші Рахи Савант исламды қабылдағаннан кейін есімін Фатима деп өзгертті. Ислам діні бойынша неке (никах) кәсіпкер Әділ Хан Дуранимен жасалған. Актрисаның әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялаған салтанатты фото және бейнематериалдар желіге тарап, ғаламторға тарап кетті.
TheCurrent.pk мәліметінше, Рахи 2022 жылы 29 мамырда Әділге үйленді. Алайда бірқатар себептерге байланысты олар бұл жаңалықты қазір ғана бөлісті. Сондай-ақ Әділдің отбасы оның жаңа әйелін әлі қабылдамағаны хабарланды.
asyldin.kz