Аль-Наср жылына 200 миллион доллар жалақы алатын португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуды сатып алғаннан кейін, Саудияның тағы бір футбол клубы «Аль-Хилал» аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиге қосылуға ниет білдіріп, оған рекордтық көрсеткішті жылына 330 миллион еуро ұсынып отыр.
Бұл туралы испаниялық Mundo Deportivo басылымы хабарлайды. Басылымның жазуынша, үлкен жалақы Сауд Арабиясы билігі әлемдік деңгейдегі екі шабуылшының жергілікті чемпионатқа қатысуы елге туристерді тартуға және 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алуға көмектеседі деп күтуімен байланысты. Египет және Грециямен бірге.
Қазіргі уақытта Месси француздық ПСЖ сапында ойнайды. Келісімшарт 2023 жылдың жазына дейін тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен жасалған. Аргентиналық қазіргі заманның үздік шабуылшыларының бірі саналады. Катарда өткен әлем чемпионатында ол бастаған ұлттық құрама осымен үшінші рет жер шарының ең мықты командасы атағын жеңіп алды.
asyldin.kz