Шәууәл айындағы 6 күндік оразаның фазилеті

Шәууәл айындағы 6 күндік оразаның фазилеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім Маған Жұма күні 100 салауат айтса, қиямет күні сол адамға нұр беріледі, сол нұрды бүкіл халыққа бөлсе, барлығына жетер еді».
Әбу Һурайра (р.а.) және Әбу Әйюб (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткізген хадисте: «Кімде-кім Рамазан айының оразасын толық өтеп, соңын Шәууәл айының 6 күн оразасымен толтырса, бір жыл ораза ұстағандай болады».
Алла тағала Құран Кәрімде айтқандай: من جا ٍ بالحسنة فله عشر أمثالها
«Кімде-кім жақсылық істесе, оған жақсылығы 10 есе қылынып қайтарылады».
Ал енді, біз білетіндей 1 жылды ай есебімен санасақ жылымыз 360 күннен тұрады, 30 күн ораза ұстасақ оны 10-ға көбейтсек 300-ге тең болады, 60 күн қалып қояды, сол 60- күнді толықтыру үшін 6 күн ораза ұстасақ 1 жылды толық оразамен өткізгендей боламыз, себебі: Алла тағала 1 жақсылыққа 10 жақсылық беремін деп, Құран Кәрімде уәде еткен. Демек, 1 күн Оразамыз 10 күн оразаға тең болады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Алла тағала жеті қат Аспанмен, жеті қат жерді Шәууәл айының 6 күнінде жаратқан, егер кімде-кім сол Шәууәл айын 6 күн оразамен өткізсе, жеті қат Аспанмен, жеті қат жерде қанша жаратылыс бар, соншалықты сауапқа ие болады, күнәлары кешіріліп, дәрежесі өседі». Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде адамның 360 ағзасы бар делінген және барлық ағзасының ауызы бар екен, тек жүрекке ауыз берілмеген. Себебі жүрек білімнің орны. Кімде-кім осы Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, Алла тағала өлім қиындығын жеңілдетеді яғни, қатты шөл қысып жатқанда, салқын су ішіп жатқан сияқты болғандай, дүниеден өтеді.
Суфиян Әссәури (р.а.) айтты: Мен Мекке қаласында 3-жыл өмір сүргенімде, бір кісімен Кағбада жүздесіп жүретінмін, әлгі кісімен Кағбада бесін намазын оқып, тәуәп қылып, ақыр-аяғында екеуіміздің жүздесуіміз достыққа ұласты. Күндердің бір күнінде досым ауырып уйіне шақыртты, барғанымда өсиет айтты: «Мен өлсем өзің ғұсылдап яғни «жуындырып», жаназамды шығарып және жерлеп, сол түні қабірімнің басына түнеп, маған талқы дұғасын оқы» — дейді! Марқұмның осы өсиетін толық орындап, қабірінің басына түнегенімде, көзім ілініп кетіпті. Сол сәтте дауыс естідім. Ей, Суфиян! «Бұл марқұмға сен оқыған талқыңмен түнеуің қажет емес, себебі: Бұл марқұм қасиетті Рамазан айының оразасын толық ұстап, одан кейінгі Шәууәл айының 6-күн оразасын ұстау арқылы Алланың рахматына ілікті» деген дауысты естігенде оянып кеттім, осы жағдай 3-рет қайталанғанында бұл түстің шайтаннан емес, Рахманнан екенін біліп, үйіме қайттым, жол үстінде Аллаға былай деп,- дұға қылдым: «Я Раббым! Рамазан айымен Шәууәл айының 6 күн оразасын ұстауға тауфық ет дедім». Кейін дұғамның қабыл болғандығы Рамазан айымен Шәууәл айының 6 күн оразасын өмірімнің соңына шейін ұстап өттім.
Абдулла ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисін «Рамазан айтынан кейін ораза ұстаған адам, соғыс майданынан қашып шығып, қайта майданға кіргендей» -деп келтірді. Сол себепті Шағби деген ғалым айтты: «Мен үшін Рамазан айынан кейін, бір күн ораза ұстау, жыл 12 ай ораза ұстағаннан артығырақ»

Қадірменді жамағат! Шәууәл айының 6 күн оразасын бір күн айттан кейін арасын үзбей бекіткен абзал, бірақ, бұл 6 күн оразаны Шәууәл айының ортасында немесе аяғында немесе 6 күн оразаны, күнара немесе үш күннен бөліп ұстасада сауабына ие болады ин шә Алла.

Араб тілінен аударғандар: Қарағандары облыстық мешітінің найб имамдары Бекболат Зүлжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: