Аллаға құл болу мен құлдық сана бір ұғымды білдіреді ме?

Аллаға құл болу мен құлдық сана бір ұғымды білдіреді ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғамда қазіргі кезде адамдардың бойынан табылатын жасқаншақтық, жалтақтау, өз ойын еркін айта алмайтын, біреуге кіріптарлық т.б жігерсіз сияқты адамның бойынан табылатын кемшіліктерді асыл дініміз Исламнан іздеу қаншалықты дұрыс?

Аллаға шынайы құл болу мен құлдық сана бір ұғымды білдіреді ме? Осы сұрақтарға шамамыз келгенінше жауап іздеп, Алланың құлы болу мен құлдық сананың ара – жігін ажыратып көрсек. Сөзімізді бастамас бұрын құл сөзіне анықтама беріп өтейік. Қысқа сөзбен айтқанда «құл» деп бас еркіндігі жоқ өзгеге тәуелді болу.

Тарихта құл иеленушілік қоғамнан бастап бүгінгі күнімізге дейін құлдық (заманымызда құлдық заңмен тоқтатылып тиым салынғанымен жасырын болса да, әлі де адамның еңбек күшін ақы бермей пайдалану, құлдыққа жегу, құл саудасы сияқты құлдықтар тоқтамай жалғасып келе жатқаны белгілі) тоқтамағандықтан адамның ой санасында бір жақты түсінік қалыптасқан. Соның нәтижесінде Алланың құлы болу деген сөзді өзгеге құл болу мен құлдық санамен шатастырып жүргеніміз ақиқат. Құл сөзінің басқада мағыналарға қолданылатынын білген дұрыс. Өйткені құл сөзін қоғамда болып жатқан өзге де бір нәрсеге тәуелді болған адамдарға, тәуелсіздігінен айырылып, өзге мемлекетке тәуелді болып боданына айналған мемлекетке осы сияқты тағы басқада жағдайларға құл сөзі қолданылады.

Сол сияқты  қазақ қоғамында да, құл сөзін қоғамда болатын жағымсыз істерге де қолданып кұлға тенегенін көреміз. Мысалға: «Сараң малдың құлы», «Адам қарынның құлы», «Құлқынның құлы болғанша, халқынның ұлы бол» деген сияқты тағы басқа қаншама қоғамда жағымсыз болған адамдардың іс – әрекеттерін осындай сөздермен айтып құл сөзін қолданғанын көреміз. Біз жаңа құл сөзінің қолданыс аясында тек жағымсыз жағын айттық.

Енді қазақ халқы ер азаматтың бойынан табылу керек болған ерге лайық мінезді де, бір екі ауыз сөзбен құл сөзін ер жігіттің ар – намысына қамшы басып жігерлендіру үшін қолданғанын көреміз. Мысалға: «Өзге елге ұл болғанша, өз еліңе құл бол», «ер азамат белгісі – түзде мырза, үйде құл» деген сияқты тенеулермен құл сөзін ер жігіттерді жігерлендіру үшін де жақсы жақтарға да қолданғанын көреміз. Осы сияқты адам баласы Алланың құлы дегенде Алланың алдында өзінің әлсіз жаратылыс екенін дәрменсіз бір құл екенін білу. Асқақтап тәкәппарлыққа салынбай Алланың парыз еткен амалдарын орындап құлшылықтарын жасау, тыйған нәрселерінен тиылу. Өйткені барлық жаратылыс Аллаға мұқтаж. Алла өзінен тәуелсіз ештеңені жаратқан жоқ. Барлық жаратылыс Аллаға тәуелді. Аллаға құл бола білген пенде өзінің бастығына тәуелді болып, жағымпазданбай ақты ақ деп, қараны қара деп ақиқаттың жаршысы болады. Аллаға құл болу арқылы пенде нәпсінің құлына айналмайды. Қоғамда болып жатқан кәмелет жасына толмаған қыз балаларға жасалып жатқан зорлық – зомбылық, жеңіл – жүріс, көшедегі жезөкшелік, ЛГБТ ұйымдары болмайды.

Аллаға құл бола білген адам ішімдіктің құлына айналмайды. Әр отбасыда береке мен ынтымақ болар еді. Ал қазір сол ішімдіктің салдарынан қаншама отбасыдан береке ынтымақ кетіп, шаңырақ шайқалып қаншама адам ажал құшып жатыр. Алланың сүйген құлы бола білген пенде байлықтың соңына түсіп құлқының құлына айналмас еді. Неше түрлі айла – амалдар жасап, мемлекеттің қазынасына қол сұғылмас еді. Пара алып халықты қанау болмас еді. Міне сондықтан қоғамда болып жатқан жағымсыз істерді ислам дінінен емес, өзіміздің бойымыздан  іздеуіміз керек. Ал құлдық сана деп, құлдықтан азат етіліп еркіндік алғаннан кейін де өз құқын құрғай алмай, бұрынғы қожайынына жалтақтап, содан медет тілеп өзінің ой өрісін кенейте алмайтын адамға айтылады. Үйткені ол өзінің қожайынына тәуелді болып, соның айтқаның істеумен шектеліп қалады. Жабайы аңды қолға үйретіп еркіндікке жіберсен, ол табиғатқа биімделе алмай өзінің қожайының іздеп келіп, өзін қамап ұстаған торына келіп жатады. Міне өмірі құлдықта өткен адам да сол сияқты қанша жерден азат болсада құлдық сана бойынан кетпейді. Осыны құлдық сана дейді. Яғни, қанша жерден азат етілсе де адамның бойында қалып қойған қожайына деген тәуелділіктен арыла алмаған адамға айтылған сөз. Ал, Алла өзінің шынайы ықыласты сүйген пенделеріне құлым, құл деп өзіне бой ұсынған пенделерін атаған. Құран кәрімде де өзіне бой ұсынған шынайы ықыласты пенделері туралы былай дейді: «(Азаптан) тек Алланың ықыласты құлдары ғана құтылады...» (Саффан 40 аят).

Құдси хадисте: «Ықылас, менін сырларымнан сондай бір сыр, оны құлдарымнан тек сүйген құлымның ғана жүрегіне аманат етіп тапсырамын» дейді. Көріп отырғанымыздай құлдық пен құлдық сананың Аллаға құл болудың еш байланысы жоқ екенін көреміз.

 Зульфухар Түзелбаев

«Төртбай ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: