Қайтыс болған адамның денесін бір жерден екінші жерге апаруға қатысты

Қайтыс болған адамның денесін бір жерден екінші жерге апаруға қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам қайтыс боларының алдында ата-анасы жерленген ауылда жерленсем деген өсиет қалдырып жататын жайттар аз емес. «Ал ол қайтыс болған соң, оны басқа жерге жерлеу дұрыс па?» – деген сұрақ туындайды.

Ғалымдардың көпшілігі мына бір пікірді ұстанады - қайтыс болған адамның денесін тек аса қажет жағдай болмаса бір жерден екінші бір жерге апару мәкруһ тахрими (тыйым салынған) болып саналады,:

Имам Мұхаммад (рахимахулла) «Ас-Сияр» кітабында былай жазған:

«Біз мына пікірді ұстанамыз - өлген не өлтірілген адам, ажалы келген жерде мұсылман зиратында жерленуі керек, оның денесін екі мильдей жерге апаруда тұрған еш тыйым салыну жоқ. Алайда білім адамдары оның денесін ұзақ жерге тасымалдауға тыйым салынған деп санайды. Бұған дәлел — қайтыс болған адамның денесін алыс жерге апару жақтырылмаған нәрсе (тахрими) болып саналады» (Әл-Мухит әл-Бурхани, 5 том, 359 б.).

Имам Забиди (рахимахулла) былай жазған:

«Қайтыс болған адамның денесін бір қаладан басқа қалаға жеткізу жақтырылмайтын амал (мәкруһ) болып табылады, себебі Алла Елшісі + былай айтқан: «Қайтыс болғанды жерлеуге асығыңдар», ал денені тасу - оның жерлеуін тежейді» (Әл-Джаухара ан-Наййра, 1 том, 108 б.).

Сол себепті егер адам жан тәсілім етерінің алдында осындай өсиет қалдыратын болса, күйеуі ол өсиетті орындамауы керек. Оны қайтыс болған елді мекендегі мұсылман зиратына жерлеген дұрыс.

Алайда денені басқа жерге апаруға болады, мұнда аса қажеттілік болғанда – мысалы үшін, адам ресми өсиет жасағанда және оның орындалуын елдің заңдары талап еткенде. Немесе мынадай жағдайда, егер адам мұсылман зираты жоқ жерде қайтыс болса, онда оны туған жеріне немесе жақын маңдағы мұсылман зиратына дейін апаруға болады (Әл-Мухит әл-Бурхани, 5 том, 360 б.).

Ескерту: Адам жоғарыда келтірілгендей өсиет жазудан бас тартуы тиіс, өйткені қайда және қашан өлетінін ешкім білмейді. Ол туыстарынан өте алыс жерде болып қалуы немесе оның денесін әкелу туыстарына зор жайсыздықтар тудыруы әбден мүмкін. Оны қайтыс болған жерінде шариғат қағидаларына сай жерлеңдер деген өсиет қалдыру ғана жеткілікті және жаназа намазын оқуда әрі мәйітті жерлеуде кешіктіру болмауы тиіс.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: