«Игі әйелдер игі еркектерге арналған» деген аят жайында...

«Игі әйелдер игі еркектерге арналған» деген аят жайында...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Сұм әйелдер сұм ерлерге, сұм ерлер сұм әйелдерге, сондай-ақ игі әйелдер игі ерлерге, игі ерлер игі әйелдерге лайық» (24:26).

Бұл аятта Алла Тағала табиғаты бір адамдардың ортақ байланысы мен тартылуы жөнінде айтады. Жоғары моральды адам адамгершілік деңгейі өзінікі сияқты адамдармен жақындасуға бейім болады, ал сұм, қара ниетті адам өзінің табиғатына ұқсас адамды іздейді.

Бұл аят Пайғамбарымыздың (ﷺ) әйелі Айшаны (р.а.) әділетсіз түрде күйеуінің көзіне шөп салды деп кінәлаған белгілі жайт болған кезде түскен.  Бұл аятта Жаратушы Айша анамыздың (р.а.) тазалығы мен пәктігі туралы айтып, оның адамгершілігі жоқ деген жалған айыптаудан тазартқан. Бұл жерде, сондай-ақ, Алла Елшісінің (ﷺ) игілігі туралы да айтылады, өзі игі болғандықтан, оның тек игі әйелдері ғана болмақ.

Мүфти Шафи Усмани, рахимахулла, бұл аятты өз еңбегі «Маарифул Құранда» былайша түсіндіреді:

«Бұл аятта былай айтылған, Алла елшілері (ғ.с.) тазалық пен пәктіктің үлгісі болғандықтан, олардың өз деңгейі мен мәртебесіне сай әйелдер берілген. Демек, соңғы Елші Мұхаммед (ﷺ) тазалық пен адамгершіліктің ең мінсіз үлгісі болғандықтан, оған ең мінсіз мінезді әйелдер берілген болатын. Осылайша, оның әйелдерінің біреуінің болсын адамгершілігіне күмәнданудың ешбір қисыны жоқ. Сол себепті Айшаның (р.а.) пәктігіне қалай күмән келтіруге болады?

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (ﷺ) барлық іс-әрекеттерін Алла Тағаланың Өзі уахилер түсіру арқылы басқарып отырғандығын есімізден шығармауымыз қажет. Сондықтан ол қателік жасап, өзіне адамгершіліксіз әйел таңдап алуы мүмкін емес нәрсе. Алайда бұл барлық адамдарға тән нәрсе емес. Адам өзі таза әрі пәк болғандықтан, оның өмірлік серігі де осындай қасиеттерге ие деп ойлап қалады, алайда оның қателесуі мүмкін. Бұл міндетті түрде игі еркек сұм әйелге бейім дегенді немесе керісінше жағдайды білдірмейді.

Басқа сөзбен айтқанда, әдепті әрі адал адам өмірлік серігін таңдауда сақтық көрсетуі қажет, тіпті егер оған біреу игі әрі әдепті болып көрінсе де, тек өзінің сезімдеріне сеніп қана қоймай, оны тексеріп алғаны жөн.  

Ал Алла дұрысын біледі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: