Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы ауыл жастарының қарасы көп жиналатын орталық спорт кешеніне барып жастармен кездесіп қайтты.
Іс-шараның мақсаты жастар арасында бауырмалдықты, ынтымақ-бірлікті насихаттау болды.
Бас имам Азамат Берікұлы жастарға шариғаттағы ер адамның әуреті, шариғаттағы денсаулықтың, спорттың маңыздылығы, ойын барысында ашу-ызыға берілмеу, бір-бірін балағаттап, ауыр сөз айтпау және бауырының денсаулығына зиян тигізбеу жайлы сөз қозғап, соңынан жастармен футбол ойынына қатысты.
Алла Тағала жастарымызға иман, үлкендерімізге ұзақ ғұмыр нәсіп еткей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі