#Шу: "Босанған әйелдің күтімі" семинары өтті

#Шу: "Босанған әйелдің күтімі" семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы "Жәми" мешітінде өңірдегі ҚМДБ әйел-қыздар секторының ұстаздары Лаззат Маханова мен Сәуле Нұрсұлтанқызының мұрындық болуымен нәзік жандыларға арналған семинар жүргізілді. 

"Босанған әйелдің күтімі" тақырыбын өзіне арқау еткен жиынға келіншектер қатысты. Әжелер алқасы мен ұстаздар босанғаннан кейінгі күтім, қалжалау туралы мардымды ақпарат беріп, бала есімін қою сүннетін тілге тиек етті. Оның мән-маңызына тоқталып, есімнің тағдырға әсерін түсіндірді.

Сонымен қатар көп келіншектердің мәселесі болып жүрген дүние - босанғаннан кейін дене бітімін қалыпқа келтіру туралы жаттығулар көрсетілді. Аталған мастер классты  мешіт шәкірті Мадина Серберқызы көрсетті. Дінмен ұштастыра отырып қазіргі заманның талабына сай болудың әдіс-тәсілдері насихатталды. 

Мұндай кешке келіншектер шын разы болып, алғыстарын жаудырды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: