Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі.
Ал қайырымдылықты өзінің негізгі бағыттарының бірі есептейтін Шу ауданы "Төле би" мешіті 1 мұқтаж отбасыға көмек қолын созды.
"Төле би" мешітінің азаншысы Ибрагим Жалалиев мұқтаж жанға мешіт имамы Талғат Кәрібайұлының сәлемін жеткізіп, жәрдем ретінде азық-түлік жеткізіп берді. Жанұя алғысын білдіріп, Алла разылығын тіледі.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі