Шу ауданы "Тоғай" мешітінде жамағаттың қолдауымен қомақты қаржы жиналып, 7 жағдайы төмен отбасыға садақа ниетімен табысталды.
7 шаңыраққа "Тоғай" мешітінің найб имамы Жанат Сағитов арнайы барып, азық-түлік пен 1 қой етін бөліп табыстады. Отбасылар қуанып, алғыстарын жаудырды.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін ұмытпайық. Бес күндік пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөлейік.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


18 Қаңтар 2026
29 Раджаб 1447

