#Меркі ауданы: Аудан мектептерінің қатары толықты

#Меркі ауданы: Аудан мектептерінің қатары толықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданында жақсы жаңалық орын алды. Аудан мектептерінің қатары жекеменшік «Зерек» мектебімен толықты.

Ашылу салтанатына арнайы шақырылған Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы сөз сөйлеп діндегі білім алудың маңыздылығына тоқталып, сыйлығын табыстап, осы игі іске мұрындық болған кәсіпкер ағамызға алғысын білдірді.

Мектепте 1-ден 4-ші сынып аралығында балалар оқып білім ала алады. Жалпы, жас ұрпақты білім нәрімен сусындататын болғандықтан мектептің жай, не гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған болып бөлінгеніне қарамастан жақсы-жаманы болмайды. Ең бастысы қай жерде де сапалы білім сараланады. Сол себепті де, «Зерек» мектебі «ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» ұранын ұстанып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруді алға қойған.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: