#Жамбыл: Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің

#Жамбыл: Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінде мешіттің найб имамы Болат Әбдіқұлұлының ұйымдастыруымен жағдайы төмен отбасыларға арнап, қайырымдылық көмек ұйымдастырылды. Аталған көмек бойынша, ең алдымен тиесілі отбасыларға арнап, арнайы үйіне дейін көмірге толы жүк көлігімен жеті отбасына көмір үлестірілді.

Сонымен қатар, он отбасына азық-түліктей көмек көрсетіліп, бір жылқы сойылып он үш отбасына табысталып,  мұқтаж отбасылардың үйіне дейін жеткізіп берді. Қайырымдылық көмекті алған отбасылар мешіт ұжымына және де жамағатына алғыстарын жаудырды. Қайырымдылық көмек бойынша кеткен қаражат сомасы сегіз жүз елу мың теңгені құрады.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: