Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде Жамбыл облысының найб имамы Ғалымбек Жапек ауданға қарасты ауыл имамдарымен кездесті. Келелі кездесуде облыс өкілі «Бейбітшілік және келісім» турасында кеңінен насихат айтып, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығы және де жамағатпен жақсы мәміле жасау керектігін сөз етті. Сонымен бірге, мешітке, дінге қызмет етіп жатқандары үшін ауыл имамдарына өз алғысын білдірді.
Кез келген азамат үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Сондықтан, бейбітшіліктің қадір-қасиетін бағалай білуіміз қажет.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі