Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты ұранмен "Бірлікүстем" мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Ауыл азаматы мешітке 40 000 теңге қаражатқа ас дастарқанын алып, берді. Сонымен қатар "Бірлікүстем" мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы жасалды. Мешіт шараларына ат салысып, әрқашан көмек қолын тигізіп, жақсылықтың жаршысы болып жүретін азаматқа кілем сыйға тартылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі