Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінің имамы Каримов Рахматулланың ұйымдастыруымен мұсылмандар үшін мүбәрак күн болған жұма күні «берекелі жұма» қайырымдылық науқаны өткізілді.
Аталмыш науқанның ерекшілігі аты айтып тұрғандай, жұма күнгі жасалатын қайырлы іс. Сонымен, науқан бойынша қайырымдылық себеттері он отбасыны қамтыды. Азық-түлік ретінде үлестіріліген себеттерді тиесілі үйлерге жеткізіп берді. Қайырымдылық көмекті алған отбасылар өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі