Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет.
Осы игі мақсатпен Шу ауданы "Ж.Жексенбай" мешітінің имамдары қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Жомарт азаматтардың демеушілігімен бір қой сойылып, көпбалалы 7 үйге бөліп таратылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


17 Шілде 2026
1 Сафар 1448

