Қызыл сызықтан сақ болыңыз! (жалғасы бар)

Қызыл сызықтан сақ болыңыз! (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Екі дүние сұлтаны Мұхаммед (ﷺ): «Мына жалған өмір түгелдей өткінші дүниеден құралған. Бұл жалғанның ең қайырлы дүниесі – тақуа әйел», – деген. Әрине, ойыңызға бірден ол қандай әйел деген сұрақ оралары анық. Ендеше, қайырлы әйелдің бойында табылуы тиіс болған мына үш қасиетке құлақ түріңіз.

Қуат көзі таусылар шақта қызыл жарық жанатыны секілді адамның сабыры сарқылып, шыдамы шегіне жеткен шақта сол тәрізді күйде болады. Сондықтан да сіздерге жұбайылық өміріңіз тыныш та рақат болуы үшін күйеуіңізбен ара-қатынаста аттауға болмайтын қызыл сызықтарды ұсынамыз. Бұл жас келіншекке де, өмірдің ащы-тұщысын азды-көпті көрген біршама тәжірибесі бар жеңгейлерге де артық етпейді. Осы шарттарға бекем болсаңыз, күйеуіңіздің аяулы жарына айналарыңыз сөзсіз.

Бірінші қызыл сызық: Сырды қатаң сақтау

Хадисте: «Қиямет күні дәрежесі ең жаман адамдардың бірі: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің арасындағы сырды сыртқа жайып салушы», - деп айтылған. Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды демекші, кейбір келіншектер қит етсе, ата-анасына, тума-туысқа, қала берсе құрбыларына күйеуімен болған жайтты жайып салады.

Шағымданып отырып, өтірік шынын араластырып, ойынан құрап та жіберетін кезі болады. Сөз арасында күйеуінің құбыжық етіп көрсетіп, оның титтей де жақсылығын тілге тиек етпейді. Естіген адамның көз алдына әлігі байғұс күйеудің жағымсыз бейнесі қалыптасады. Әрине, айқай-шу басылады. Қанша араздық болса да, татуласады. Жұбайылық өмір қайта жалғасын табады. Бірақ, әлгі ойланбай айтылған сөздер көп уақытқа дейін көңілден кетпей, көлденең тұрып алатыны тағы бар.

Бұлай болмауы үшін, мынаны ескеріңіз:

– Отбасында болған жайт төңірегінде көпшіліктің ой мен ақылын сұрау, мәселені шиеленістіріп жібереді. Өйткені ерлі-зайыптылардың сезімі мен қарым-қатынасынан бейхабар адамның айта салған ақыл-кеңесі арадағы жағдайды одан әрі ушықтырып, шиеленістіре түсуі мүмкін.

– Әйелдің үлкен-кіші, ұсақ-түйек демей үнемі анасының рұқсатын сұрап отыруы. Тіпті, мұндайда қыз ананың қолындағы құралға айналады. Әйел тек анасының нұсқауы бойынша әрекет ететін құлтемірге айналады.

– Ақылды әйел отбасының сырын сыртқа шығармайды. Ол күйеуімен біреу арқылы емес, тікелей қарым-қатынас жасайды. Алайда қиындық туса және шарасы таусылса ғана, мінезі мен иманы дұрыс және аманатшыл адаммен ақылдасқаны жөн. Кеңес сұрағанда да кісі атын атап, түсін түстемегені абзал.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: