Асығыс шешім шығармау жайында

Асығыс шешім шығармау жайында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам Ағзам қатысқан бір жиналыста біреу: «Бір адам бар екен Жәннатты қаламайды, Жәһәннамнан қорықпайды, өліктің етін жейді, рүкұғсіз, сәждесіз намаз қылады, көрмеген нәрсесіне куәлік етеді, фитнәні жақсы көреді, хақты қаламайды (тілемейді), бұл адам кәпір ма, әлде мүмін бе?» - деп сұрақ қойды.

Жиналыста отырғандардың бәрі бір ауыздан: «Бұлар кәпірдің сипаттары, мұндай адам кәпірдің дәл өзі», - деп кесіп айтты. Имам Ағзам үндемеді. Адамдар: «Иә, Имам, сіз не дейсіз?» - деп сұрады. Имам Ағзам: «Бұлар мүміннің сипаттары, мұндай адам мүміннің дәл өзі», - деді. Адамдар қарсылық білдіріп: «Иә, Имам, мұныңыз қалай, мүмін Жәннатты қалап, Жәһәннамнан қорқады емес пе?» - деді.

Имам оларға былай түсіндірді: «Шын мүмін Жәннатты қаламайды, оның Иесін – Алланы (көруді) қалайды, Жәһәннамнан қорықпайды, оның Иесінен қорқады, өлі ет дегені балықтың еті, көрмеген нәрсесіне куәлік етеді, өйткені Алланы көрмейді, бірақ та шын сенеді, рүкұғсіз, сәждесіз қылған намазы – жаназа намазы, фитнәні жақсы көреді, өйткені одан мақсат мал мен бала-шаға (Құранда мал мен бала-шаға мүміндер үшін фитнә (яғни, етмихан) екені туралы білдірілген), хақты қаламайды (тілемейді), өйткені хақтан мақсат өлім, мүмін де болса өлімді мақсат қылмайды». Сондықтан қандайда бір нәрсе жайлы көзқарас қалыптастыруда асығыстыққа бой алдырмай, жан-жақты оайластырып, жеті рет өлшеп, бір рет кесу деген қағидадан айнымаған жөн.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: